Партиялардың ынтымақтастығы талқыланды – “zhanaqorgan-tynysy.kz”

https://zhanaqorgan-tynysy.kz/kogam/15151-partiyalardy-yntymatastyy-talylandy.html

Об этом сообщает FIB

«Ақ жол» партиясының төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Азат Перуашев Қызылорда облысында іссапары аясында облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықовамен кездесті.

– Біздің партия халықтың эконо­микалық, әлеуметтік саласын дамытуға арналған біршама жоспарларды ұсынбақ. Алдағы уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жетістіктерге жетеміз деген сенім бар, – деді Азат Тұрлыбекұлы.
Өңір басшысы халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында барлық партиялар мен ұйымдардың жобаларын қолдауға дайын екендігін жеткізді.
Сапар барысында А.Перуашев Төтенше жағдай және карантин кезін­де санитарлық-эпидемиологиялық меке­­месі, жұқпалы аурулар және жан­сақтау бөлімдерінде жұмыс істеген бір топ дәрігер, медбикелер мен кіші медициналық қызметкерлермен кездесті.
Іс-шараға облыстық филиал кеңесінің мүшелері мен індет кезінде қарқынды қызмет еткен медицина қызметкерлері қатысты. Олар науқастардың өмірін сақтап қалу үшін күндіз-түні індетпен арпалысып қана қоймай, екі ай жанұясынан жырақта болды. Сондай-ақ, олардың көпшілігі өздері де ауырды. Осы орайда адам жанына араша болған медицина қызметкерлерінің еткен еңбегі марапатқа әбден лайық. Жиынға қатысушылар індет кезіндегі ауыр жағдайды бір сәт есіне алып, жақынынан айырылған жандар көздеріне жас алды.
Жиын қатысушылардың қойған сауалдарымен жалғасты. «Ерен еңбек етіп, төмен айлық алатын медбикелердің айлық көлемі жоғарыласа екен», – дейді Қызылорда облысы бойынша тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпиде­миялогиялық қадағалау бөлімінің басшысы Әлия Ыдырысова. А.Перуашев өз кезегінде қойылған сауалдарды елеп-екшеп қолға алатындығын жеткізді.
Партия төрағасының Қызылорда облы­сындағы іссапары Жаңақорған ауда­нында жалғасын тапты. Сапар барысында ол Жаңақорғандық кәсіп­керлердің мәселелерін тыңдады. Аудан кәсіпкерлері ауыл шарушылығын дамыту жайында біраз ұсыныстарын айтты.
Мұнан соң партияның Қызыл­ор­да облыстық филиалының ұйымдас­тыруымен аймақтағы кәсіпкерлер мен еріктілердің бірлескен жиыны өтті. Шараға партия мүшелері, шағын және орта бизнес өкілдері мен еріктілер қатысты. Жиын барысында өңір азамат­тары Коронавирус инфекцияның жаңа толқыны мен жазғы қорқыныштың қайталану қаупіне алаңдаулы екен­діктерін жеткізді. Сондай-ақ, партия төрағасы кәсіпкерлер мен еріктілердің түрлі тақырыптағы сауалдарына жауап берді.

Дайындаған Ерлан АБДАРИСОВ


Источник: “https://akzhol.kz/partijalardy-yntyma-tasty-y-tal-ylandy-zhanaqorgan-tynysy-kz/”